Государственное коммунальное казенное предприятие "Бейнеуский гуманитарный колледж" Управления образования Мангистауской области

  • Колледж:Государственный
  • Адрес:130100. Республика Казахстан, Мангистауская область Бейнеуский район, село Бейнеу, улица Б. Майлин, дом 1д
  • Телефон:8(72932)2-51-06; 8(72932)2-51-05
  • Email:mng_bgek@mail.ru
  • Сайт WWW:bgek.kz
Cоц сети:

Общее сведения

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде жас ұрпақтың әлемдік стандартқа сай білім алуы үшін қажетті жағдайлардың жасалғанын айта келе, «Бұл мемлекеттік даму саясатының басым бағыттарының бірі», – деп көрсеткен болатын. Өйткені адамзат баласы үшін білім мен ілімнің алар орны өлшеусіз. Ал, сол білімді - ұрпақ бойына сіңіру – оқыту үдерісі екені мәлім. Елбасының сөзімен айтсақ: «Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісіне пайдалана білуге де үйретуі тиіс». Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінен білім алған мыңнан астам білікті маман бұл күнде елімізді өркендету жолында қызмет етіп, қоғам дамуына өз үлесін қосып келеді. Колледж қазір облыстағы мемлекеттік стандартқа сай кәсіптік білім беретін іргелі оқу орнына айналды. «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен республикамыздағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін бағалау үшін жүргізген сауалнамаға республика бойынша 320 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысып, рейтинг қорытындысы бойынша республикамыздағы селолық жерде орналасқан гуманитарлық колледждер арасында Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі 2017 жылы І орын алса, 2018 жылы 49, 90 ұпаймен бірінші орынды иеленді.

Колледждің миссиясы:

Білім деңгейі жоғары, ой-өрісі икемді, кәсіби оңтайлылығы, жеке және кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға жағдай жасау арқылы білім беру үдерісінің тиімділігін мен сапасын арттыру.

Колледждің міндеттері:

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 -2015 жылдарға арналған іс шаралар жоспарын жүзеге асыру бағытындағы педагогикалық ұжымның жұмысын жалғастыру.
«Жаңартылған білім беру жағдайында педагогикалық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбына байланысты оқушылардың оқу-әдістемелік, тәрбиелік және кәсіптік дайындығын сәйкестендіру.
Жаңа педагогикалық технологияларды, пәндердің интеграциясын, кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау мақсатында жоғары оқу орындары мен біліктілік арттыру ұйымдарымен байланысты нығайту
Әдістер мен тәсілдерді ғылыми теориялық, психо-педагогикалық, оқу-әдістемелік және қаржы жағынан қамтамасыз ету.
Педагог кадрлардың кәсіби құзыреттлігін арттыру және іс-әрекетін жандандыру, өзін-өзі бағалау жұмысын жүйелеу.
Нормативтік құжаттар талаптарына сай келешек білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру сапасын қамтамасыз ету.
Педагогикалық ұжым мен оқушылардың шығармашылығы мен парасаттылығын сақтай отырып, жетілдіру.
Жеке тұлғаның саяси мәдениетін, әлеуметтік жағынан азаматтығын, өзін-өзі танытуын қалыптастыруға тәрбилеуді жүзеге асыру.
Оқу-тәрбие процесінде жаңа ақпараттық технологияны ендіруге байланысты ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды өткізу.
Педагогикалық ұжымның даму мониторингін жетілдіру.

Данные

Запись не обнаружена.

# Квалификационный код Код специальности Название
1 4S01140101 01140100 Учитель начального образования
2 4S01140501 01140500 Учитель физической культуры
3 4S01140605 01140600 Учитель иностранного языка
4 4S01140701 01140700 Учитель информатики начального и основного среднего образования
5 4S01120102 01120100 Воспитатель организации дошкольного воспитания и обучения
6 4S01140503 01140500 Тренер-преподаватель по спорту



# {{headerItem.text}}
{{ key+1 }} {{item[headerItem.value]}} Подать заявку

Задать вопрос колледжу

Уважаемый пользователь, здесь у вас есть возможность отправить сообщение в адрес колледжа

Государственное коммунальное казенное предприятие "Бейнеуский гуманитарный колледж" Управления образования Мангистауской области