ГККП "Бейнеуский политехнический колледж"

  • Колледж:Государственный
  • Адрес:130100 Мангистауская область, Бейнеуский район, село Бейнеу, ул.Хибас, дом 1
  • Телефон:+7(729)-322-18-27
  • Email:l_2004@mail.ru
  • Сайт WWW:beyneuupk.kz
Cоц сети:

Общее сведения

БЕЙНЕУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Қазақ елі халықаралық стандарт талаптарына сай даму бағытын ұстана отырып білім беру саласында да түбегейлі жаңа бағыттарды дамыта білді. Еліміздегі жоғарғы білім беруде жаңа университеттерді және ғылыммен өндірістің түрлі бағыттары бойынша институттарды ашып дамытты. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, орта және техникалық кәсіптік білім беру желісін құрып кезең кезеңмен дамытуда. Ел тағдыры Қазақстандық жастардың – болашақ ұрпақтың қолында екенін саналылықпен сезіне отырып дарынды жастарды дамытуды көздеп, бұрын Кеңестік кеңістікте болмаған гимназия, лицей сияқты гуманитарлық және политехникалық бағытта білім беруді дамып жетілудің жаңа жолын ашты, яғни әркімнің бейімділігіне, қабілетіне, құлшынысына қарай қалыптасуына,өзін-өзі дамытуына айқын нақты жол ашып берді.

Әрбір жас өзінің болашақ жолын таңдап дамуына мүмкіндік алды. Осы мақсатта алғашқылардың бірі болып ауданымыздың орталығы Бейнеуде орта білім беру жүйесінің құрамында бола жүріп дарынды балалардың басын біріктіретін гимназия және лицей бөлек мектеп болып ашылып дамыды. Республикалық деңгейде «Болашақ» бағдарламасы аясында ұлттық кадрлар дайындау мақсатында дамыған шетелдік оқу орындарына жастар жіберіліп ұлттық кадрлар дайындау үздіксіз жалғасын тауып тәуелсіз Қазақстанда дамытуға белсене еңбек етуде. Осындай жаңғырумен жаңарудың бірі және бірегейі деп біздер жұмыс жасап жатқан Бейнеу политехникалық колледжі тарихымызда тұңғыш болып дүниеге келді. Техникалық және кәсіптік білім беру желісі аясында негізгі және орта білімнен кейін орта кәсіптік техникалық және білікті жұмысшы мамандар дайындау жоспарлы, сатылы жүйелі іске асуда. Енді бәріміз ырзық несібемізді айырып, Тәуелсіз Қазақстанның дамуының бір саласында өз үлесімізді қосып келе жатырған Бейнеу политехникалық колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының он үш жылдық (мүшел жас) жылнамасына ауысалық. Ауысалықта оның дамуына, дами отырып жетілуіне, өңірге, облыс, аудан халқының жас ұрпағының өсіп,жетіліп, қалыптасуына қосқан үлесіне толығырақ тоқталсақ артық болмас.

Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 63-ші шешімімен бұрынғы мектепаралық оқу өндірістік комбинатын қайта ұйымдастыру арқылы «Бейнеу кәсіптік-техникалық мектебі» мемлекеттік мекемесі құрылды. Жұмысын 2004 жылдың 1 шілдесінен бастап жүргізіп келеді. 2005 жылдың 20 желтоқсанында облыс әкімиятының № 414 қаулысымен мектеп Маңғыстау облысы білім Департаментінің «Бейнеу кәсіптік мектебі» мемлекеттік мекемесі, ал 22.05.2008 жылы облыс әкімдігінің № 373 қаулысымен мектеп Маңғыстау облысы білім басқармасының «Бейнеу кәсіптік лицейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталып, 03.08.2012 жылғы Манғыстау облысының әкімдігінің №191 қаулысымен «Бейнеу политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылып халықаралық стандарттарға сай жұмысын жүргізіп келеді.

Данные

Запись не обнаружена.

# Квалификационный код Код специальности Название
1 4S07160503 07160500 Техник-электромеханик
2 4S07321202 07321200 Техник по эксплуатации оборудования газовых объектов
3 3W06130102 06130100 Web-дизайнер
4 3W07140101 07140100 Слесарь по обслуживанию и ремонту контрольно-измерительных приборов и автоматики
5 3W07140502 07140500 Механик по обслуживанию и ремонту электронной и цифровой техники
6 3W07150501 07150500 Электрогазосварщик
7 3W07161302 07161300 Электрик по ремонту автомобильного электрооборудования
8 3W07161303 07161300 Мастер по ремонту автомобильного транспорта



# {{headerItem.text}}
{{ key+1 }} {{item[headerItem.value]}} Подать заявку

Задать вопрос колледжу

Уважаемый пользователь, здесь у вас есть возможность отправить сообщение в адрес колледжа

ГККП "Бейнеуский политехнический колледж"