ГККП "Мангистауский гуманитарный колледж имени Мурын жырау

  • Колледж:Государственный
  • Адрес:город Актау, 2 мкр., 57 здание
  • Телефон:87292507259
  • Email:MGK2006@yandex.ru
  • Сайт WWW:KOLLEJ.KZ
Cоц сети:

Общее сведения

"Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК

12 сәуір 1983ж.
Маңғышлақ педагогикалық училищесі ашылды. Бірінші курсқа «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандықтары бойынша 180 адам қабылданды.

Шілде 1985ж.
«Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша алғашқы түлектер шығарылды.

Қаңтар 1986ж.
КСРО жоғары және орта арнайы білім Министрлігінің мемлекеттік инспекциясы педагогикалық кадрларды дайындау сапасын «өте жақсы» деп бағалады. Училище жаңа буынды оқу-әдістемелік құралдарды апробациядан өткізу бойынша эксперименттік алаңға айналды.

Маусым 1986ж.
Сырттай оқу бөлімінің ашылды.

Шілде 1987ж.
«Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша алғашқы түлектер шығарылды.

1989-1991жж.
Мамандар дайындау сапасының мәселелерін зерттеу орталығының басшылығымен (Мәскеу қаласы) училищенің педагогикалық ұжымы «Бастауыш білім беру» және «Музыкалық тәрбие» мамандықтары бойынша жоғары деңгейлі мамандар дайындау бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламалар дайындайды.

Қаңтар 1991ж.
Маңғышлақ педагогикалық училищесінің атауы Маңғыстау педагогикалық училищесі болып өзгертілді.

Маусым 1991ж.
Эксперимент ретінде ҚСРО Халық білім Министрлігінің шешімі бойынша педагогикалық училищенің базасында жоғары үлгідегі алғашқы орта кәсіптік оқу орны - Маңғыстау педагогикалық колледжі құрылды.

Тамыз 1991ж.
Атырау педагогикалық институтымен білім беру қызметіндегі қарым-қатынас туралы келісім - шарт жасалды.

Мамыр 1993ж.
Колледж базасында «Педагогикалық колледждің жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша педагогикалық колледждердің басшыларына республикалық кеңес өтті.

Шілде 1994ж.
Эксперименттік оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жүргізілген жұмысты қорытындыланды.

Маусым 1996ж.
«Дене тәрбиесі» мамандығының ашылды.

Мамыр 1997ж.
Маңғыстау педагогикалық колледжінің атауы «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» болып өзгертілді.

Маусым 1997ж.
«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы ашылды.

Тамыз 1997ж.
Колледждің жанында базалық бастауыш білім беру мектебі ашылды.

Маусым 1998ж.
Ақтөбе қаласындағы «Дүние» университетімен бірлескен білім беру қызметі туралы келісім - шарт жасалды.

Шілде 1998ж.
«Шетел тілі» мамандығы ашылды.

Сәуір 1999ж.
Колледж базасында «Step by Step Сорос білім беру орталығы» қоғамдық қорының өңірлік тренинг орталығы ашылды.

Қазан 2000ж.
Облыстық «Таңдаулы жыл колледжі» байқауының қорытындысы бойынша Маңғыстау гуманитарлық колледжі «Таңдаулы жыл колледжі» Дипломымен марапатталды.

Желтоқсан 2000ж.
Маңғыстау гуманитарлық колледжі «Таңдаулы жыл колледжі» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің «Сала бойынша таңдаулы колледж» Дипломымен марапатталды.

Қазан 2001ж.
Облыстық «Таңдаулы жыл колледжі» байқауының қорытындысы бойынша Маңғыстау гуманитарлық колледжі «Таңдаулы жыл колледжі» Дипломымен екінші рет марапатталды.

Желтоқсан 2001ж.
«Таңдаулы жыл колледжі» республикалық байқаудың қорытындысы бойынша Маңғыстау гуманитарлық колледжі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің «Таңдаулы оқу-әдістемелік база» Дипломымен марапатталды.

Қазан 2004ж.
Посткеңестік кеңістігінде білім беру қызметін талдау қорытындысы бойынша колледж «Сала қолбасшысы» номинациясында «Эртсмейкер» атағымен марапатталды. «Хрусталь рыцарі» марапаты және диплом колледжге Мальта елінде берілді.

Шілде 2004ж.
«Кітапхана ісі» мамандығы ашылды.

Шілде 2004ж.
«Іс тәжірибесіндегі жоғары сапа үшін» халықаралық қордың басқармасы Маңғыстау гуманитарлық колледжін халықаралық қызметіндегі белсенділігі үшін Алтын медальмен марапаттауға шешім қабылдады.

Маусым 2005ж.
«Технология» мамандығы ашылды.

Маусым 2006ж.
«Мемлекеттік емес тілде оқитын мектептердегі қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы ашылды.

Қазан 2006ж.
«Таңдаулы колледж - 2006» облыстық байқауының қорытындысы бойынша Маңғыстау гуманитарлық колледжі «Таңдаулы жыл колледжі» Дипломымен марапатталды.

Желтоқсан 2006ж.
Республикалық «Таңдаулы жыл колледжі» байқауының қорытындысы бойынша Маңғыстау гуманитарлық колледжі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің «Ғылыми-әдістемелік жұмысының жоғары сапасы үшін» Дипломымен марапатталды.

Шілде 2007ж.
«Аударма ісі» мамандығының ашылды.

Қазан 2007ж.
Сапа бойынша халықаралық Конвенция (Женева қ.) Алтын категориясында колледжді «Сапа үшін халықаралық жұлдыз» сыйлығымен марапаттады.

Сәуір 2009ж.
Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу кезіндегі зор үлесі үшін колледжді Алғыс хатпен марапаттады.

Қазан 2009ж.
Облыстық «Таңдаулы колледж – 2009» байқауының қорытындысы бойынша Маңғыстау гуманитарлық колледжі «Таңдаулы жыл колледжі» Дипломымен марапатталды.

Қараша 2009ж.
«Техникалық және кәсіптік білім берудегі үздік оқу орны» Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша колледж «Педагогикалық жаңашылдық үшін» және «Кадрлар даярлаудағы инновациялық тәсілдері үшін» Дипломдармен марапатталды.

Маусым 2010ж.
«Өзін - өзі тану» мамандығы ашылды.

Наурыз 2011ж.
Маңғыстау облысының әкімі колледжді «Әйел басқарған таңдаулы колледж» Дипломымен марапатталды.

Тамыз 2012ж.
Маңғыстау облысының тамыз конференциясында Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысы Д.Н.Жумашева колледжді «Озат Іскер - 2012» номинациялы Дипломымен марапатталды.

2015ж.
«Негізгі орта білім беру» (Математика мұғалімі) мамандығы ашылды.

2015ж.
Қазақстан Республикасындағы педагогикалық колледждерінің арасында білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстандық Тәуелсіз агенттігінің статистикалық рейтингісінің қорытындысы бойынша колледж II орынға ие болды.

2015ж.
Ұлттық бизнес - рейтингінің нәтижелері бойынша Маңғыстау гуманитарлық колледжі «САЛА КӨШБАСШЫСЫ - 2015» атты құрметті атаққа ие болды.

2016ж.
ҚР Тәуелсіз агенттігінің білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша жүргізген рейтингтік статистикалық деректеріне сәйкес, колледж Қазақстан Республикасының педагогикалық колледждер арасында II орынды иеленді.

2017ж.
«Негізгі орта білім беру» (Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, "Информатика мұғалімі", "Шетел тілі мұғалімі", "Өзін - өзі тану мұғалімі") мамандығы ашылды.

2017ж.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №828 «Маңғыстау облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» қаулысына сәйкес Маңғыстау облысы білім басқармасының «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Маңғыстау облысы білім басқармасының «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды.



Данные

Запись не обнаружена.

# Квалификационный код Код специальности Название
1 4S01120102 01120100 Воспитатель организации дошкольного воспитания и обучения
2 4S01140101 01140100 Учитель начального образования
3 4S01140501 01140500 Учитель физической культуры
4 4S01140503 01140500 Тренер-преподаватель по спорту
5 4S01140602 01140600 Учитель русского языка и литературы
6 4S01140605 01140600 Учитель иностранного языка
7 4S01140701 01140700 Учитель информатики начального и основного среднего образования
8 5AB01130101 01130100 Прикладной бакалавр логопедии
9 5AB01140101 01140100 Прикладной бакалавр педагогики и методики начального образования



# {{headerItem.text}}
{{ key+1 }} {{item[headerItem.value]}} Подать заявку

Задать вопрос колледжу

Уважаемый пользователь, здесь у вас есть возможность отправить сообщение в адрес колледжа

ГККП "Мангистауский гуманитарный колледж имени Мурын жырау