ГККП "Мангистауский энергетический колледж"

  • Колледж:Государственный
  • Адрес:г.Актау,3Б мкр6 17 здание
  • Телефон:87292502200
  • Email:post.mek@mail.ru
  • Сайт WWW:gkkpmek.kz
Cоц сети:

Общее сведения

Маңғыстау энергетикалық колледжі туралы тарихи анықтама

1972 жылы 17 қарашада Қазақ КСР-ы кәсіптік білім министрлігінің №1076 бұйрығы бойынша Каспий аймақтық тау-кен комбинатының (қазіргі «Каскор» акционерлік компаниясы) негізінде №194 қалалық кәсіптік-техникалық училище құрылды.
1973 жылы 9 мамырда Маңғышлақ облыстық кәсіптік-техникалық білім жөніндегі басқарманың №317 бұйрығымен №194 қалалық кәсіптік-техникалық училище аты Маңғышлақ облысы Шевченко қаласының №194 орта кәсіптік-техникалық училищесі деп өзгертілген.
1984 жылы 13 тамызда Маңғышлақ облыстық кәсіптік-техникалық білім жөніндегі басқарманың №220 бұйрығы бойынша №194 орта кәсіптік-техникалық училище аты №4 орта кәсіптік-техникалық училище деп өзгертілген.
1995 жылы 9 наурыздағы Маңғыстау облысы әкімінің №247 шешімі мен 1995 жылы 7 сәуірдегі Маңғысау облыстық білім басқармасының №95 – ОД бұйрығы бойынша №4 орта кәсіптік-техникалық училищенің аты №4 жоғары кәсіптік-техникалық училище деп өзгертілген (№4 ЖКТУ).
1997 жылы 21 сәуірде Маңғыстау облысы әкімінің №79 шешімі бойынша Маңғыстау энергетикалық колледжі мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
1972 жылдан бастап энергетикалық колледж акционерлік «Каскор» компаниясының барлық бөлімшелері үшін жұмысшы мамандарын, оның ішінде электр және газбен пісірушілерді, химиялық өндірістің аппаратшыларын, слесарь-жөндеушілерді, кең бейінді станокшыларды, автокөліктерді жөндейтін слесарьларды, электр монтерларын, бақылайтын және өлшейтін құралдар мен аппараттар слесарьларын дайындауда.
Қазіргі уақытта Маңғыстау энергетикалық колледжі келесі мамандықтар бойынша орта топқа жататын мамандарды дайындауда:
0808000 - «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» (түрлері бойынша) (3 жыл 10 ай)
0808000 - «Техническое обслуживание и ремонт оборудования предприятий нефтегазоперерабатывающей и химической промышленности» (3 года 10 мес.)
0901000 - «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» (түрлері бойынша) (3 жыл 10 ай)
0902000 - «Электрмен қамтамасыз ету» (салалары бойынша) (3 жыл 10 ай)
0906000 - «Жылулық электрлік станцияларының жылуэнергетикалық қондырғылары» (3 жыл 10 ай)
1302000 - «Автоматтандыру және басқару» (бейін бойынша) (3 жыл 10 ай)
1302000 - «Автоматика и управление» (3 года 10 мес.)
1302000 - «Автоматика и управление» (2 года 10 мес.)
0816000 - «Химическая технология и производство» (по видам) (3 года 10 мес.)
1014000 - «Машина құрылысының технологиясы» (түрлері бойынша) (3 жыл 10 ай)
Жұмысшы мамандықтары:
090201 2 - «Электромонтажник по распределительным устройствам» (2 года 10 мес.)
101403 2 - «Слесарь-жөндеуші» (2 жыл 10 ай)
130201 2 - «Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі» (2 жыл 10 ай)

Маңғыстау энергетикалық колледжінде мамандарды дайындау қызметі бюджет қаражаты есебінен, сонымен қатар шарт негізінде атқарылады.
Маңғыстау энергетикалық колледжінің мамандарды даярлау үшін оқу базасы бар.
Колледж қабырғасында сапалы білім мен кәсіптік дағдыны игеру үшін барлық жағдай жасалған.
Зертханалық сабақтар мен оқудағы сараман өткізілетін арнаулы пәндер оқу бөлмелері мен оқу-өндірістік шеберханалар қажетті жабдықпен, макеттермен, көрнекті құралдармен, оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етілген.
Екінші курстан бастап өндірістегі сараман “МАЭК-Казатомпром” ЖШС, “АУЭС”МКК, “ЖСҚ және С”МКК, “КаскорМашзавод” АҚ, “МЭБК” АҚ, “КазАзот” ЖШС сияқты базалық кәсіпорындарда өткізіледі. Бұл жерде оқушылар өндіріспен, өз болашақтағы мамандығымен нақты түрде танысып, кәсіби еңбектің дағдыларын игереді. Оқушылардың жетекшілері мен тәлімгерлері ретінде колледж бен кәсіпорындардың ең тәжірибелі және білікті қызметкерлері тағайындалады.

Данные

Запись не обнаружена.

# Квалификационный код Код специальности Название
1 4S06130103 06130100 Разработчик программного обеспечения
2 4S07110102 07110100 Техник-технолог (по видам)
3 4S07130103 07130100 Техник-электрик
4 4S07130202 07130200 Техник-электрик
5 4S07140102 07140100 Техник-электромеханик
6 4S07150106 07150100 Техник-механик
7 4S07151102 07151100 Техник-механик
8 3W07140101 07140100 Слесарь по обслуживанию и ремонту контрольно-измерительных приборов и автоматики
9 3W07161302 07161300 Электрик по ремонту автомобильного электрооборудования



# {{headerItem.text}}
{{ key+1 }} {{item[headerItem.value]}} Подать заявку

Задать вопрос колледжу

Уважаемый пользователь, здесь у вас есть возможность отправить сообщение в адрес колледжа

ГККП "Мангистауский энергетический колледж"