02.08.2021

Құзыреттілік орталықтың маңыздылығы

2021 жылдың 22 мамыр күні Атырау облысы Білім беру басқармасының қолдауымен, әдістемелік орталығының бірлесуімен Атырау энергетика және құрылыс колледжі базасында «Құрылыс және Энергетика» бейіндері бойынша құзыреттілік орталығының ашылу салтанаты өтті. Орталықтың ресми ашылу рәсіміне Атырау облыстық білім беру басқармасынан басшысының орынбасары Хамзин Ердос Жантөреұлы, Қазақстан коммунистік халық партиясының Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Даулетказиев Ерболат Гусманұлы, Атырау облыстық әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік бөлімінің басшысы Бегалиева Гулнар Төреханқызы, әлеуметтік серіктестер өкілдері мен өңірдегі колледж басшылары, орынбасарлары және өндірістік оқыту шеберлері қатынасты. Құзыреттілік орталық қызметінің мақсаттары: Құрылыс және Энергетика мамандықтары бойынша Worldskills Кazakhstan чемпионаттарына қатысу үшін аймақтық команда мен Қазақстан құрамасына бәсекеге қабілетті қатысушыларды даярлау инфрақұрылымын қалыптастыру, білім беру ұйымдарының өндірістік білім беру оқытушылары мен шеберлері қатарынан сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру, Қазақстандағы оқу орындарының озық практикалық тәжірибесін, шетелдік тәжірибені, сондай-ақ колледж жетістіктерін Атырау облысының ТжКБ ұйымдарының күнделікті практикада қолдануы, өңір экономикасы үшін кадрлар даярлау саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту. Орталық «Жас маман» жобасы аясында іске асып, нәтижесінде 3 зертхана, 2 шеберхана және «Құрылыс» саласы бойынша замануи құрал-сайманмен жабдықталған ангар ашылды. Құзыреттілік орталықтың жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін индустриалдық кеңес құрылды, бірқатар кәсіпорындармен екіжақты меморандум жасалды.

Возникли вопросы?

По техническим вопросам вы можете направить свое сообщение в службу поддержки