18.07.2022

ТАЛАПКЕР - 2022

Сіз өз балаңыздың болашағына алаңдайсызба? Тегін және сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті маман болғанын қалайсыз ба? Ендеше, Ақтөбе Автожол Мемлекеттік Колледжіне шақырамыз!!! Ақтөбе Автожол Колледжі Мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін оқыту жүргізеді және студенттердің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етеді. Колледжімізде: - Полиграфия өндірісі – техник-технолог - Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар және қондырғылар» - техник-механик - Автомобиль жолдары мен аэродромдар – техник-құрылысшы - Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану – техник-механик - Электромеханик, автомобиль көлігі диспитчері , автосервис менеджері Мамандықтары бойынша оқытылады. Колледжде модульдік дуалды оқыту жүргізіледі. Бағдарлама бойынша 60% тәжірибеге және 40% теория. Ақтөбе Автожол Колледжі Мемлекеттік үлгідегі дипломды және онымен бірге қосымша жұмыс біліктіліктері бойынша куәлік береді. Колледж студенттері шәкіртақы, міндетті түрде ыстық тамақ, жатақхана беріледі. Ауылдық жерден келген білім алушыларға жол жүру ақысы төленеді. ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТА АҚТӨБЕ АВТОЖОЛ МЕМЛЕКЕТТІК КОЛЛЕДЖІМЕН БІРГЕ БАСТАЙЫҚ!

Возникли вопросы?

По техническим вопросам вы можете направить свое сообщение в службу поддержки