Жиі қойылатын сұрақтар

Құжаттарды www.egov.kz Электрондық Үкімет Порталы арқылы немесе тікелей EDUS платформасының “Талапкер” АЖ арқылы тапсыруға болады.

Қызметті алу үшін Электрондық Үкімет Сайтына кіріңіз (www.egov.kz) "Білім" бөлімін таңдап, жүйенің нұсқауларын орындаңыз.

Ақпараттық жүйеде тіркеу жеңілдетілді және ЭЦҚ-мен байланыстырып, мемлекеттік қызметтерді алу үшін бірыңғай кіруге мүмкіндік береді. Толығырақ нұсқаулықты Пайдалы ақпарат (Анықтама) бөлімінде таныса аласыз.

Жеке кабинетте өзіңіздің өтініміңіздің статусымен танысып, сондай-ақ оны өзгерту мүмкіндігіне ие бола аласыз.

Тұлғалардың ТжКОББ ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау: 1) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына: мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында, ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында, педагогикалық мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады. 2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарына, қылмыстық – атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;

Кейбір білім орындарында сырттай оқу түрі қарастырылған.

Саралау үшін қажетті бастапқы деректерді (ТӘЖ, ЖСН, біліміңіз, квота және с.с.) толтыру қажет болады.

Жеке кабинетке кіру және өтінім жіберу ЭЦҚ кілт арқылы жүзеге асады. Егер сізде ЭЦҚ болмаса, сіз үшін ата-анаңыз немесе заңды өкіліңіз құжаттарды жібере алады.

Өтінімді қабылдамау туралы шешімді ҚР БҒМ талапкерлерді қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес Қабылдау комиссиясының мүшелері арқылы өтеді.

Бір өтінімде 1-ден 4 мамандыққа дейін көрсете аласыз.